«ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКҚК ДИРЕКТОРЫ м.ғ.к. БИМУРЗАЕВ ҒАЛЫМЖАН НҰРМАНҰЛЫ

Ғалымжан Нұрманұлы Бимурзаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1989 жылы дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандық орталық ауруханада дәрігер-терапевт қызметінен  бастады. 2006 жылы ХҚТУ-дің  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірген.  Ғ.Н.Бимурзаев қызығы да, қиыншылығы да мол дәрігерлік қызметінде өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен, кішіпейілдігімен көзге түсіп, халықтың алғысына бөлене білді.

            Ғалымжан Нұрманұлының білімді, білікті маманның бойында ұйымдастырушылық қабілетінің де бар екендігі 1997-2003 жылдар аралығында Түркістан қан құю орталығының директоры қызметін атқарған кездерінде айқын көрінді.

            2003-2007 жылдар аралығында Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

            Бимурзаев Ғалымжан Нұрманұлына Москва қаласындағы балалар гематологиясы ғылыми зерттеу институтында  кандидаттық  диссертациясын  қорғап, диссертациялық  Кеңестің шешімімен 2004 жылдың  23 қаңтарында медицина ғылымдарының кандидаты атағы берілді.

            2007 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  медицина факультетінде терапия кафедрасының доцент қызметін уақытша атқарды.

            2008-2009 жылдары Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметін абыроймен атқарды.

            Ғалымжан Нұрманұлы 2009 жылы ақпан айының 18-ші жұлдызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының бұйрығымен Түркістан медицина колледжінің директоры қызметіне тағайындалды. Денсаулық сақтау саласында 20 жылдық қызмет атқарған азамат Түркістан медицина колледжінің көркеюіне үлкен мән беріп жыл сайын алуан түрлі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда:

а) Оқу бөлмелері соңғы үлгідегі медицина қондырғылары  орнатылған, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Стоматологиялық оқу поликлиникалық орталығы мен оқу дәріханасы ашылып, оқу процесіне дуалды оқу жүйесі енгізілді;

ә) Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында, заманауи  робот-симуляторлармен, манекендермен, On-line моделдерімен жабдықталған 5 симуляциялық оқу орталықтары, екі лингафон кабинеті, жаңа модификациядағы  20 пән бөлмелері ашылды;

б) Арнайы жабдықталған  5 компьютер  кластары 300-ге жуық соңғы үлгідегі компьютерлермен толықтырылды, кітапхана  қоры 70 000 данаға жеткізілді;

в) Барлық оқу кабинеттері жылдамдығы жоғары ИНТЕРНЕТ  желісіне қосылды;

г) Халықаралық алдыңғы қатарлы жақын және  алыс шетелдердегі медициналық  оқу орындарымен келісім-шартқа  тұрып, арнайы пән оқытушыларына  шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалынуда;

д) САПА менеджмент  жүйесінің 9001:2009 сериялы ҚР СТ ИСО стандарттары енгізіліп, колледждің білім беру  қызметі сертификатталды;

е) Түркістан медицина колледжі институционалды және мамандандырылған  аккредитациядан өтіп,  ҚР медициналық  колледждерінің  ұлттық рейтінгісінде ІІ орынды иеленді;

ж) Колледж аумағы көгалдандырылды, «Студенттер аллеясы» ашылды, спорт базасы дамытылып, студенттер әлеуметтік, тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуде;

з) Ғалымжан Нұрманұлы колледжді жоғары көрсеткіштерге жеткізгені  үшін Қала әкімінің  «Жыл Үздігі  - 2009», «Жыл үздігі – 2011» номинацияларын иеленді;

и) Колледждің озық тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2 Халықаралық, 2 Республикалық ғылыми-зерттеу конференциялары ұйымдастырылды;

й) Ғалымжан Нұрманұлы  25 ғылыми мақала, 1 монография, 25 оқу құралдарының авторы. Отбасында жұбайымен бірге 4 перзент тәрбиелеп отырған өнегелі жанұяның  отағасы.

Марапаттаулары:

-          ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»

-          «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты мерекелік медалі

-          Халықаралық «Гиппократ» медалі

-          ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төс белгісі

-          «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген  еңбегі үшін» медалі

-          Түркістан қаласының «Құрметті азаматы»

-          2015 жылдың 16 желтоқсан күні көп жылдар бойы ҚР көркеюіне  қосқан үлесі үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…