ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ АБДИХАНОВА АЙГҮЛ КАНАЛБАЙҚЫЗЫ

 

Түркістан жоғары медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдиханова Айгүл Каналбайқызы 1975 жылы 3 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақ Мемлекеттік медицина университетін 1997 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылы қазан айынан бастап Түркістан қаласындағы «Талғат және компания» ауруханасының әйелдер босанатын бөлімінде акушер-гинеколог, 1999 жылы ақпан айынан бастап Түркістан медицина колледжінің хирургия кафедрасында акушерия-гинекология пәні бойынша оқытушы ретінде қызмет атқарған.

2005 жылы наурыз айынан бастап Мейірбике ісі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2009 жылы 20-шы мамырдан қазіргі таңға дейін Түркістан медицина колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет істейді. Ол жоғары дәрежелі педагог, бірінші дәрежелі дәрігер, акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы. Сонымен қатар ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджмент жүйесі бойынша аудиторлар тобының жетекшісі, басшылықтың Сапа бойынша өкілі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы Мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшесі. Институционалды және мамандандырылған Аккредитациялық эксперттік топ жетекшісі.

А.Абдиханова медицина колледжі студенттеріне арналған «Акушерия» пәні бойынша оқулықтың, ҚР Әділет министрлігінде патенттелген 25 электронды оқулықтардың авторы. Педагогика, психология, акушерия, гинекология салаларының өзекті мәселелері бойынша 20-дан астам мақаласы республикалық басылымдарда жарық көрген.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің “Алғыс хатымен”, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының, ОҚО Білім басқармасының, ОҚО әкімінің, Түркістан қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ҚБ ОҚО филиалының, «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының “Алғыс хаттарымен’’ марапатталған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, психология ғылымдары Халықаралық Академиясының Құрметті мүшесі.

 

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…