ШАРУАШЫЛЫҚ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЖАУОВ ЖОМАРТ ШАЛҚАРҰЛЫ

 

         jomart

    Түркістан жоғары медицина колледжі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Нұржауов Жомарт Шалқарұлы 1956 жылы 9 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан обылысы Ленгір (Төле би) ауданы, Бейнеткеш елді мекенінде дүниеге келген.                                                                                                                                                                                                         

         Білімі жоғары, 1978 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институның тау-кен инженері мамандығын бітірген.

        1978 жылы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан обылысы Кентау қаласындағы «Қаратау барлау экспедиция» мекемесінде бұрғы шебері болып қызмет атқарған, 1997 жылға дейін осы мекемеде партия бастығы қызметіне дейін көтерілді.

       2000-2004 жылдары «Санитас емдеу сауықтыру» мекемесінде директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

        2004-2012 жылдары «Түркістан медицина колледжінде» директордың әкімшілік шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

       2012-2013 жылдары «Түркістан медицина колледжінде» Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері қызметін атқарды.

      2013 жылы 1-наурыздан қәзіргі танға дейін «Түркістан медицина колледжі» директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

      Нұржауов Жомарт Шалқарұлы колледж қабырғасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында көптеген спорттық сайыстарға қатысып, осы бүгінгі күнге дейін абыройлы қызмет атқарып келеді.

      1978-1997 жылдар аралығында Кентау қаласында бірнеше рет еңбек озаты атанып, екі рет қалалық құрмет тақтасына ілінді. «Оңтүстік Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестігі» мекемсінің Алғыс хаты, Түркістан қаласының әкімінің  Алғыс хаты, қалалық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасы, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ҚБ ОҚО филиалының Құрмет грамотасымен марапатталған.

     

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…