«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің» циклдық әдістемелік комиссиясы бойынша оқу-әдістемелік қамсыздандыру жұмысымен айналысып, колледждің ұйымдастырушы, шығармашылық бөлімшесінің бірі болып табылады.

      Әлеуметтік-гуманитарлық ЦӘК қызметінің негізгі бағыттары:

Ø       Оқытушылардың әдістемелік және кәсіби шеберлігін арттыру, олардың кәсіби білімін толықтыру, жас мұғалімдерге көмек көрсету, ЦӘК құрамына кіретін оқытушыларды аттестаттау бойынша ұсыныс енгізу;

Ø       Жаңа педагогикалық технолгияларды, оқыту, білім беру тәсілдері мен әдістерін зерттеу, қорыту және білім беру процесін енгізу, ашық сабақтарды дайындау, өткізу және оларды талқылау;

Ø       Оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстарын басқару;

Ø       Оқу бағдардарламаларын, оқу әдістемелік құралын, бейнефильмдерді және басқа оқыту тәсілдерін қарастыру, оларға сын-пікір беру;

Ø       Оқыту пәндер кабинеттерінің жұмысы мазмұнына бірыңғай талаптарды шығару, циклдық әдістемелік комиссия құзіретіне қатысты оқытушылар жұмысының жоспарларын, ашық сабақтар өткізу жоспарларын т.б. материалдарды талқылау және қарастыру;

Ø       Оқыту технологиясымен қамсыздандыру, оқыту тәсілдері мен әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклдық әдістемелік комиссиясында педагогикалық тәжірибелері мол, білікті мамандар жұмыс істейді.

      ЦӘК  1984 жылы құрылған. Оның бірінші меңгерушісі Джуманова Оғылау Маткаримовна, Тян Галина Михайловна, профессор Қуандық Тұрдалин болды. 2000 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ЦӘК жетекшісі болып Ұлжалғас Зияйдинова қызмет етті. 2019 оқу жылында №1 әлеуметтік- гуманитарлық пәндер бойынша ЦӘК пен №11 Тілдер пәндері бойынша ЦӘК біріктіріліп, ЦӘК-ті бүгінгі таңда Алдабергенова Гульмира Қыдырәлі қызы басқарады.

      ЦӘК оқытушылары оқу үрдісін жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өз пәнінің әдістемелік кешендерін толықтырып жетілдіреді. ЦӘК оқытушылары үнемі біліктілігін көтерумен, өздігінен білім алумен айналысады. Сабақ барысында  «Сын тұрғысынан ойлау», Интерактивті оқыту», «ойын арқылы оқыту», «дамыта оқыту», «оза оқыту», «трек-схемалар», «ақпараттық-коммуникациялық технология», «проблемалық оқытуды инновациялық тәсілдері мен тиімді әдістерін пайдаланады. Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу: саяхат сабағы, таныстыру сабағы, ойын сабағы, ролдік ойындар, пікірталас, әдістемелік бірлестіктің отырысында өздерінің жетістіктерімен бөліседі. Ашық сабақтар өткізеді, зерттеу нәтижелері бойынша баспасөз беттеріне мақалалар жариялайды.

      ЦӘК ұжымының жұмысында студенттерге патриоттық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру маңызды орын алады. Осы мақсатта оқытушылар белгілі қоғам қайраткерлерімен, танымал ғалымдармен, заңгерлермен, тарихшылармен, жазушылармен кездесулер, сұрақ-жауап кештерін, пікірталас, дөңгелек үстелдер өткізуді дәстүрге айналдырған.        

Студенттерді оқуға ынталандыру, ой-өрісін кеңейту мақсатында «Толерант», «Жас кәсіпкер», «Ұлы дала тарихы», «Саяхатшы», Мәдени  мұра» атты пән үйірмелерінің жұмысы жандануда. ЦӘК-тің алдыңғы қатарлы оқытушылары өткізген ашық сабақтары оқу үрдісіне жаңалықтар әкеліп студенттердің белсенділігін арттырады.

      ЦӘК ұжымы өз жұмысын колледж жұмысының бағыттары негізінде құрады: оқыту сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны, әдістемелік жабдықталуды жақсарту.

      ЦӘК оқытушылары өз пәнінің шеберлері. Олар: Зияйдинова Эльмира, Муханова Клара, Биболатов Ермек, Тулеева Лаззат, Тастаева Гүлнұр, Нүрсейтова Ақбота, Қасымова Роза, Әутенов Дәулет, Шахаров Ықылас, Нақыпов Нұрғали, Минасимова Мөлдір, Бегалиева Дана, Исмолдаева Дана, Абдухамидова Анжир, Битанова Райхан, Абдиханова Нұрсұлу, Ереханова Сауле, Кукенова Күләш, Баймбетова Алтын.

      ЦӘК оқытушылары Абуева Ж, Мұханова К, Биболатов Е, Шахаров Ы, Әутенов Д, Нақыпов Н дайындаған студенттері Республикалық ғылыми-зерттеу байқауларында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

      «Қазақ  хандығының 550 жылдығына» арналған шығармашылық жұмыстар байқауында  Шақаров Ы, Бахтиярова А, Тастаева Г. Жетекшілік еткен студенттер де биіктен көрінді.

      Байтілеуова Гаухардың әдістемелік туындылары «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығының байқауында І орынға ие болды.

      ЦӘК оқытушылары Тулеева Л., Оразымбетова А, Мейірбекова Б, Әділханова Г, Тастаева Г, Байтілеуова Г, Мұханова К, «Философия негіздері»,  «Мәдениеттану», «Саясаттану», «Құқық негіздері», «Қазақстан тарихы» пәндерінен оқулықтар әзірледі.

      Орта буынды медицина мамандарын даяралауда адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін  ЦӘК оқытушылары Биболатов Е, Шахаров Ы, Мұханова К, Әділханова Г облыстық  білім, денсаулық сақтау басқармаларының, қала әкімінің  Құрмет грамоталарымен марапатталған.

      Э.Зияйдинованың «Экономикалық теория негіздері» пәнінен өткізген ашық сабағы 2014 жылдың «Үздік ашық сабағы» номинациясына ие болды.

      Колледжде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын өтетін спартакиадада ЦӘК оқытушылары  3 жыл бойы қатарынан  жеңімпаздар қатарынан көрініп келе жатқаны үлкен мақтаныш.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу- мінездің құт шуағы,


                             Ұстаз болу- адамның асылдығы».    - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз айтқандай ұлтымыздың тарихын, мәдениетін үйретіп, қадірлеп қастерлеуге тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз көбейе берсін.

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…