№2 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

        Медицина мамандықтары бойынша барлық  білім беретін оқу орындарында міндетті түрде медициналық биология, генетика, молекулалық биология, медициналық генетика, экология пәндері оқытылады.  Осыған орай, Түркістан медицина колледжінде Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы 1998 жылы ұйымдастырылып кафедраны 2000 жылға дейін Байтұрсынов Қожахмет Байтұрсынұлы басқарған.

2002 – 2006 жыл аралығында  Баратова Еркінай Егембердіқызы басқарып, осы уақытта жаратылыстану кафедрасынан анатомия және морфология кафедрасы бөлініп шықты.

2006–2008 жыл аралығында  Абдраймов Нұрлан Абдраимұлы,  2008 – 2011 жыл аралығында биология ғылымдарының кандидаты Иманова Дайраш Нұржігітқызы басқарған болатын.

       2010-2011 оқу жылында  кафедра орнына циклдік әдістемелік комиссия (ЦӘК) атауы беріліп, 2011-2012 оқу жылында № 12 информатика, математика пәндері бөлек физика – математика және туыстас пәндер бойынша ЦӘК болып бөлініп шықты. Ал №2 Жаратылыстану пәндер бойынша циклдік әдістемелік комиссиясын  Қоштаева Салтанат Қалдыбайқызы бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.

                   ЦӘК-те молекулалы биология, медициналық генетика, медициналық биология және генетика, экология және тұрақты даму, экология, химия, биология пәндері оқытылады. 16 оқытушы 1 лаборант қызмет атқарады, оның ішінде 2 жоғары дәрежелі, 2 бірінші дәрежелі, 10 екінші дәрежелі және 2 жас оқытушы.  Студенттердің білімін шыңдауда тәжірибелік сабақтарды өту мақсатында медико-биологиялық пәндер лабораториясы ашылып жұмыс жасалуда

         №2 Жаратылыстану пәндері бойынша ЦӘК  оқытушылары  тарапынан бірнеше оқу әдістемелік құралдар мен студенттің өзіндік жұмыс дәптерлері жазылды. Биология пәні бойынша Республикалық  оқу әдістемелік бірлестіктер тарапынан екінші орынға ие болған.

 

№2 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ  БОЙЫНША 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

1.  2017жылдың маусым айында «Медицина күніне» орай «Ең үздік оқу-танымдық іс-шара» номинациясымен №2 ЦӘК төрайымы Қоштаева Салтанат марапатталды.

2. №2 ЦӘК оқытушысы Жайсанбаева Мөлдір Ержанқызы «Ұстаздар» күніне орай «Түркістан жоғары медицина колледжінің» директоры атынан Алғыс хатпен марапатталды.

3. Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін «Елеулі еңбегі үшін» «Денсаулық төсбелгісімен» Қоштаева Салтанат Қалдыбайқызы марапатталды.

4. Биылғы 2017-2018 оқу жылында №2 ЦӘК оқытушысы Қоштаева Салтанат Қалдыбайқызы Экология пәнінен оқу-әдістемелік құрал  «Экология және тұрақты даму» оқулығын дайындады.

5. №2 ЦӘК оқытушылары Күсембаева Д.Б, Уалшерова А.Н оқу-әдістемелік құрал ретінде Биология пәнінен жұмыс дәптерін дайындады.

6. Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері медициналық колледждерінің студенттерімен on-line тәртібінде өткізілген «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін «Түркістан медицина колледжінің» оқытушысы Қоштаева Салтанат Қалдыбайқызына Сертификат берілді.

7. №2 ЦӘК оқытушысы Ибраева Жазира Әмірханқызы 2017 жылдың қараша айында «Зәр шығару мүшелері арқылы туындайтын аурулар» атты мақаласы «Үздік Ұстаз» журналында жарық көрді.

8. №2 ЦӘК оқытушысы Айбекова Раушан Бектұрсынқызы 2017 жылдың желтоқсан айында «Интеграциялық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында мақаласы  «Үздік Ұстаз» журналында жарық көрді.

9. №2 ЦӘК оқытушылары Сапарбаева М.Қ, Абитаева А.Н  жетекшілігімен «Экомед» үйірмесі ХV ғылыми-ізденіс қонференциясына үздік ғылыми жоба ұсынып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін Е-201 тобының студенті Рамазанов Бейбіт ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

10. М.Әуезов атныдағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ұлы дала елі жастарының мақсаты – дамыған жаңа Қазақстан» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 20-шы студенттік ғылыми конференциясында «Түркістан медицина колледжінің» Е-302 тобының студенті Тәліп Бағлан ІІ-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: Ибраева Ж.Ә, Шарбекова Ж.Ә, Уалшерова А.Н

11. №2 ЦӘК оқытушылары Шахабаева Л.Б, Айбекова Р.Б, Жиренбаева П.А, жетекшілігімен «Биохимед» үйірмесі ХV ғылыми-ізденіс қонференциясына үздік ғылыми жоба ұсынып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін Е-101 тобының студенті Талғатов Олжас ІІ дәрежелі дипломмен марапаталды.

12. Түркістан жоғары медицина колледжінің оқытушысы Шахабаева Лаура Бақдәлетқызының жетекшілігімен студент Абдалимова Мафтунаның қатысуымен «ГМО ғасыр індеті ме?» атты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Грамотасымен марапатталды.

13. Түркістан жоғары медицина колледжінің оқытушысы Шынпейсова Гүлдана Пернебайқызының жетекшілігімен студент Файзулла Шыңғыстың қатысуымен «Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы экологиялық жағдайында балалардың өсуі мен дамуы» атты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2-ші орынмен марапатталды.

14. №2 ЦӘК оқытушылары Айбекова Р.Б, Шахабаева Л.Б, Жайсанбаева М.Е  оқу-әдістемелік құрал ретінде Химия пәнінен оқулық дайындады.

     
   

        
    
                                                                                                                                                                



                  

                         


    

 

 

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…