№ 3 Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша цәк

№3 Дене тәрбиесі және АӘД циклдік  әдістемелік комиссиясының  төрағасы  қызметін  Үркімбаев  Қоныс Жұманұлы  2014 жылдың қазан айынан бастап басқарып келеді. ЦӘК-те жоғары білімді 10 оқытушы, 1 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары дәрежелі - 1, бірінші дәрежелі -1, екінші дәрежелі- 7 және 2 жас оқытушы қызмет атқарады.

Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  2010 жылғы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын.

      Түркістан жоғары медицина колледжінің  дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша ЦӘК-ті 1994-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері М.Ж.Божбанбаев жетекшілік етті.

2009 жылы колледж басшылығына м.ғ.к.Ғ.Н.Бимурзаев келгеннен кейін спортты дамытуға аса қатты мән беріліп, спорт зал толық жөндеуден өткізіліп, материалдық база мен спорттық инвентарлар толықтырылды. 2011 жылы №3 Дене тәрбиесі және АӘД циклдік  әдістемелік комиссиясы құрылды. ЦӘК-те колледжіміздегі спорт саласына еңбегі сіңген: А.Ганиев, Т.Әбишев, М.Божбанбаев, А.Усенов, А.Пахрутдинов  сияқты жоғары санатты оқытушылар қызмет атқарды.

Спорт  саласында еңбегі сіңген оқытушылар  мен жастар арасындағы   ҚР спартакиадасының жеңімпаздары

           №3 Дене тәрбиесі және АӘД циклдік  әдістемелік комиссиясында үлкен спортзал, алғашқы әскери дайындық пәні оқу бөлмесі,ассистенттер  бөлмесі,оқытушылар киім ауыстыратын бөлме, қойма, ұлдар киім ауыстыратын бөлме, қыздар киім ауыстыратын бөлме,  жуынатын бөлмелер бар. Барлық оқу бөлмелері заманауи жабдықтармен, инвентарлармен 90%   жабдықталған.

ЦӘК-те 8 үйірме жұмыс істейді:

1.Волейбол   - жетекшісі Усенов Атахан.

2.Баскетбол - Канетова Зауре Дүйсеновна

3.Кіші футбол – Шаметов Дилшод

4.Жеңіл атлетика – Шертаев Қанат

5.Шахмат      - Кенжебай Жасулан

6.Дойбы   -     Файзиев Елнур

7.Тоғызқұмалақ –Жакенов Жарылқасын

8.Үстел теннисі   - Раметов Илхам

Үйірмеде  300-ге   жуық студент  қатысады. Олардың ішінде Республикалық, аймақтық, қалалық жеңімпаздар бар.

  
           №3 Дене тәрбиесі және АӘД циклдік  әдістемелік комиссиясының  оқытушылары білім мен денсаулық саласында абыройлы қызмет етіп,қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолында жас ұрпақты отансүйгіштікке, спортқа баулуға, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге зор үлестерін қосып келеді.

                            

 

15 ақпан -  Кеңес әскерлерінің ауған жерін бір жолата тастап шыққан күніне 28 жыл толуына байланысты Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу өткіздік. Кездесуге ауған соғысы ардагерлері: Жантілесов Жақсылық, Мақұлбеков Қалас, Бектұрсын Берік Тұрарұлы қатысып, қаншама қазақ жігіттері батырлық пен қайсарлықлықтың үлгісін көрсетіп өздерін

Отан алдындағы парызын адал атқарып, Ауған жерінде қалып кеткен жерлестеріміз туралы айтып, студенттерге тәлім-тәрбие беріп кетті.

   

Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштеріне 25 жыл толуы  қарсаңында жастарды  отан сүйгіштікке, батылдыққа  баулу мақсатында  жылда  сәуір айында    «5 күндік оқу-дала жиыны»  өтеді.

       Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың профилактикасы мақсатында «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» тақырыбы аясында жастар арасында өткізілген қалалық туристік жарысында «Түркістан жоғары медицина колледжі» командасы II-орынға ие болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастырыуымен спорттың 5 түрінен (волейбол,баскетбол, тоғыз-құмалақ ,шахмат,үстел теннисі)   аймақтық спартакиада өтті,нәтижесі төмендегідей:

Волейболдан   қыздар арасында І-орын,        ұлдар арасында ІІ-орын,

Баскетболдан   қыздар арасында І-орын   ,ұлдар арасында ІІ-орын

Үстел теннис     І-орын

Шахмат              І-орын

Тоғыз-құмалақ   ІІІ-орын

Жалпы командалық есепте Түркістан жоғары медицина колледжі І-орынға ие болды.

   

Оңтүстік Қазақстан облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық студенттер спартакиадасына қатысып, нәтижесі төмендегідей:

Волейболдан   қыздар арасында І-орын,

Баскетболдан   қыздар арасындаIII-орын ,

Шахмат              І-орын

 

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…