«Түркістан медициналық колледжі» 1998 жылдан бері «Лабораториялық диагностика» және «Стоматология» мамандықтары  бойынша мамандар даярлап келеді.

Гигиена кафедрасын 1996-2005 жылдары м.ғ.д.профессор Б.К.Керімбеков басқарған.

2005 жылдан бері  ЦӘК-ті Дадашева Махира Жумадуллаевна басқарып келеді.        

№5 Лабораториялық диагностика және стоматологиялық пәндер бойынша  ЦӘК-те қазіргі таңда 20 оқытушы, 3 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде 9 оқытушы жоғары дәрежелі, бірінші дәрежелі -3, екінші дәрежелі -2 және  жас оқытушылар саны -6.

  

Берілген білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді, білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық білім беру сабақтары оқу аудиторияларында орындалса, тәжірибе сабақтары арнайы жабдықталған зертханаларда, стоматологиялық емханада және Түркістан қалалық ОҚО РМҚК “ОҚО СЭСО” филиалының сан-гигиеналық лабораториялық базасы мен Түркістан ОҚА және МҚКК «№3 Облыстық перинаталды орталықтың» микробиологиялық, клиникалық, гематологиялық және биохимиялық бөлімдерінде жүргізіледі. Лаборатория 2007 жылғы модернизация бойынша  жаңа құралдармен,  өлшеуіш аспаптармен жабдықталған.

ЦӘК оқытушысы Амиров Б.А. «Стоматология» мамандығы ашылғаннан бері сабақ беріп келеді.

                                                                                                                                                                                                                      

                               

2011 жылы Түркістан медицина колледжінде «Стоматологиялық оқу-өндірістік клиникасын» ашуға Б.А.Амиров зор үлес қосты және жұмысын ұйымдастырды. Ол жоғары санатты стоматология пәнінің оқытушысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы, Түркістан қаласының құрметті азаматы. 2012 жылы «Қазақстан медицина колледжінің үздік оқу-әдістемелік әдебиеті» Республикалық байқауында «Тіс хирургиясы және бет жақ жарақаттары» электронды оқу құралын әзірлеп, жүлделі ІІ орын орынды иеленген.

ЦӘК оқытушысы Мирзаева Дилорам Олжаевна 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, ол жоғары дәрежелі оқытушы, бірінші дәрежелі дәрігер стоматолог, Қазақстан Республикасы «Стоматология» мамандығы бойынша оқу -әдістемелік бірлестігінің және сол мамандық бойынша координациялық кеңес мүшесі. Ол «Қазақстан медицина колледждерінің үздік оқу-әдістемелік әдебиеті» Республикалық байқауында оқу- әдістемелік құралын, электронды оқу құралын дайындап   ІІ орынды иеленген болатын. 2014-2015 оқу жылында Қарағанды қаласында өткен  Республикалық байқауында Д.Мирзаеваның жетекшілігіндегі студенті  ІІІ орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан Денсаулық басқармасының құрмет грамотасымен  марапатталды.

ЦӘК оқытушылары М.Ж. Дадашева «Жалпы гигиена», К.А. Нуриллаева, А.Н. Қаңтарбаева «Микробиология»пәндерінен ҚР әділет Министрлігімен патенттелген 2 электронды оқулық, 2 оқу- әдістемелік құралын дайындап   ІІ орынға ие болды.

ЦӘК-те «Денсаулық», «Жас лаборант», «Жас дантист» атты пән үйірмелері бар. Үйірмелерде  «Лабораториялық диагностика» «Стоматология» мамандығының студенттері жыл бойы пән бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

2014-2015 оқу жылында «Жас лаборант» үйірмесі мен «Зерттеуші химик» үйірмесі бірлесіп «Ара балының емдік қасиеті және химиялық құрамы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп студенттердің ХІІІ ғылыми-зерттеу конференциясында І орынды иеленді. Үйірме жетекшілері Нуриллаева К.А,  Тілепбаева К.

ЦӘК-тің әдістемелік жұмысының  ішіндегі ең маңызды орын педагогикалық тәжірибені оқыту, дамыту және тарату болып табылады. Оқытушылар іс тәжірибелерін дамыту, тарату мақсатында 2014 жылы қыркүйек айында Астана қаласындағы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялық процестер» V Республикалық конференцияға Дадашева М Ж., Ерманкулова М.М., Сапарбаева Г.М қатысып, мақалалары баспа бетінде жарияланды және қатысушылар сертификаттарға ие болды.

«ZIAT»ғылыми-әдістемелік орталығында өткен «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты  Республикалық конкурсқа Айтбаева А., Айымбетова Ж., Низамутдинова Г., Худиярова Ә. Қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды. 

           2014ж желтоқсан айында  Астана қаласындағы «ZIAT»ғылыми-әдістемелік орталығында өткен ІІ Халықаралық «Педагогикалық ізденіс» атты оқытушылар сайысына Дадашева М.Ж., Сапарбаева Г.М., Қаныбек Б.С., Сыздыкова М.А., қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

ЦӘК-тегі ардагер ұстаз Қаңтарбаева  Алмагүл  Нүсіпқызы тәжірибелі  оқытушы  ретінде  жас  оқытушыларға  тәлімгер болып, өзінің іс-тәжірибесімен бөліседі,  білгенін  үйретуден  жалықпайды. ЦӘК -те өтетін   іс-шараларға белсенді  түрде  қатысады. 

Қаңтарбаева  Алмагүл  Нүсіпқызы тәжірибелік дағдыларды демонстрациялауда

                                                              

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…