Түркістан медицина колледжінде 1994 жылдан бастап «Фармация, фармакология және биохимия» кафедрасы ұйымдастырылып 2010 жылға дейін кафедраны х.ғ.к. Юсупов Абдураим Халилұлы басқарған.

2010-2011 оқу жылының басынан бастап колледжде кафедраның орнына циклдік әдістемелік комиссия (ЦӘК) атауы берілді.

2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін ЦӘК-ті Абдрманова Нагима Сейткарымқызы басқарып келеді.         

        №6 «Фармация және туыстас пәндер бойынша ЦӘК-те 11 оқытушы, 2 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде 10 оқытушы жоғары фармацевтикалық білімі бар провизорлар, 1 оқытушы химик.   Оқытушылардың 1 х.ғ.к., жоғары дәрежелі-4, бірінші дәрежелі -1, екінші дәрежелі -3 және  жас оқытушылар саны -3.

   ЦӘК-те «Фармация» мамандығы бойынша барлық арнайы пәндер және «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Стоматология», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша фармакология және латын тілі пәндері оқытылады.

          Фармация мамандығы бойынша студенттердің кәсіби дамуы  мен білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында, оқу- лабораториялық, тәжірибелік бөлмелер және қосымша оқу дәріханасы “Фитобар” ұйымдастырылған. Фармакология пәні бойынша оқу бөлмесі дәрі-дәрмектерді фармакологиялық топтармен топтастырып, орналастыруға арналған тартпалар мен сөрелері бар арнайы шкафтар, кестелер, телевизор және компьютермен жабдықталған. Фармакогнозия, дәрілік нысандар технологиясы фармацевтикалық және аналитикалық химия менеджмент және маркетинг негіздері мен фармацияны ұйымдастыру және оны экономика ісі пәндері бойынша, сабақ өтілетін бөлмелер әр пән бойынша екі бөлмеден тұрады. Сабақтың теориялық бөлімін өтуге арналған бөлме және тәжірибелік бөлімін өтуге арналған бөлме. Соңғы үлгідегі замануи жабдықтармен жабдықталған химия кабинетінде, сабақтың теориялық бөлімінде студенттер оқытудың техникалық құралдары арқылы білімін жетілдірсе, тәжірибелік бөлімінде теорияда алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып лабораториялық жұмыстар жасай алады. Фармакогнозия пәні бойынша  студенттер теориялық сабақта арнайы көрнекіліктермен, яғни кеппешөп сақталатын шкаф, плакаттар, стендтер, компьютер интерактивті тақта және т.б.көмекші құралдармен жабдықталған кабинетте білім алса, тәжірибелік сабақты дәрілік өсімдіктер кеппешөптер, өсімдік шикізаттары, микроскоптар, реактивтер мен және т.б.көмекші құралдармен жабдықталған ботаника мен фармакогнозия пәндер бойынша, тәжірибелік бөлмесінде сонымен қатар, колледжідегі жұмыс жасап тұрған “Фитобар” “Фито огородты” қолданып өткізеді.

Фито огородта студенттер дәрілік өсімдіктерді өсіріп, олардың өсу кезеңдерін толық бақылап, көруге, кеппе шөптер дайындауға шикізат ретінде өз уақытында жинап кептіреді, фито шайларды дайындау үшін жинақтардың құрамына енгізу немесе фитобарда арнайы тапсырыстар бойынша инфундир аппаратын, инфундир шәйнектерді қолданып арнайы іріктелген жиынтықтар арқылы фитошайлар дайындап кәсіптік пәндер бойынша дағдыларды қалыптастырады.

Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оны экономикасы пәні бойынша теориялық сабаққа арналған бөлмесінде студенттер оқытудың техникалық құралдары арқылы білімін жетілдірсе, тәжірибелік дағдыларды колледжідегі оқу дәріханасында қалыптастырады. Оқу дәріханасы арнайы дәріхана жиһазы, витрина фармакологиялық топтары бойыша орналастырылған дәрілердің қорапшалары, тіркеу журналдары, бұйрықтар, жарнама аннотациялары, әдебиеттермен жабдықталған.


1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…