2010 жылы №9 ЦӘК-те Хирургия және акушерия пәндерінен «Клиника алды бөлім» ұйымдастырылып, оқу процесінде іске қосылған болатын. Осыған орай №9 Хирургиялық аурулар және туыстас пәндер бойынша ЦӘК-ті Г.Аманбаева басқарып келеді.

Аманбаева Гауһар Әбубәкірқызы 1972 жылы 1 қаңтар күні Түркістан қаласында дүниеге келген. Мектепті үздік бітірген соң, 1989 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1995 жылы осы аталған институтты бітірді.

         Еңбек жолын Кентау орталық қалалық клиникалық ауруханасында дәрігер-акушер-гинеколог болып бастап, 1996 жылы Түркістан орталық аудандық ауруханасында істеп, 1997 жылы Түркістан қалалық перзентханасында жалғастырған. 1997 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінде акушерия және гинекология пәнінен сабақ беріп келеді. 2004 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінің «Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

         Бірнеше рет білімін жетілдірген: 2009 жылы – «Клиникалық акушерия және ұрықты антенаталды қорғау», 2010 жылы – «Ана болу қауіпсіздігі. Оқыту технологиялары», 2010 жылы – «Жүкті әйелдердегі экстрагениталды аурулар», 2012 жылы – «Жүкті әйелдерді антенаталды бақылау» бойынша білімін жетілдірген.

         2011 жылы «Акушерия» пәнінен электронды оқулық, 2012 жылы «Акушерия» пәнінен оқулық жазып, баспадан шығарған. Акушерия және гинекология пәндерінен оқу-әдістемелік кешенін толық құрастырған. 2011 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық ғылыми конференциясының «Ана  қуанышы» үйірмесінің жетекшісі ретінде Г.А.Аманбаева «Акушер» біліктілігінің ІІІ курс студенті Сыздыкова Венераны қатыстырып жүлделі ІІ орынға ие болды. 2012 жылы дәрігер оқытушылар Г.А.Аманбаева, А.К.Абдиханова, А.А.Махатова, С.Н.Абитаеваның авторлығымен «Акушерия» оқулығы және электронды оқулық жарық көрді.

2013 оқу жылы хирургиядан заманауи талапқа сай симуляциялық орталық ұйымдастырылып, студенттердің оқу процесінде машықтануына мүмкіндік жасалды  2013 жылы On-line конференциясына «Қан кету» тақырыбы бойынша А.А.Юсупов  мамандығы «Емдеу ісі», біліктілігі «Фельдшер» Е-315 топта заманауи ақпараттық технологияны және симуляциялық орталықты іске  қоса отырып, тәжірибелік сабақ өтті. 2013 жылы м.ғ.к: А.А.Юсупов Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация пәні бойынша практикалық дағдылар жиынтығын құрастырып, студенттер пайдалануына ұсынылды. 2013-2014 жылдары №9 ЦӘК оқытушы дәрігерлері Орталық қалалық емхана қызметкерлерімен бірлесіп, «Сүт безінің қатерлі ісігі» тақырыбында конференция және акция ұйымдастырылды.

№9 Хирургиялық аурулар туыстас пәндер бойынша ЦӘК мүшелері

№9 Хирургиялық аурулар туыстас пәндер бойынша ЦӘК мүшелері

№9 ХАТП ЦӘК дәрігер-оқытушысы,м.ғ.к: А.А.Юсупов
жарақаттар тренажерымен студенттерді машықтандыруда

№9 ХАТП ЦӘК дәрігер-оқытушысы А.А.Махатова
үйірме мүшелерімен жұмыс жүргізуде

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…