№10 «Балалар аурулар және туыстас пәндер»

бойынша циклдік әдістемелік комиссиясы

                                     

               1965 жылы Түркістан медицина колледжі ашылғаннан бері 1983 жылға дейін Педиатрия  пәні «Клиникалық пәндер» ЦӘК құрамында болған. 1983 жылы «Педиатрия және туыстас пәндер» циклы құрылды. Педиатрия және туыстас пәндер циклының меңгерушісі болып Қ.О. Рысбеков тағайындалған. 2011-2012 оқу жылдары педиатрия кафедрасы мейірбике ісі кафедрасымен қосылып, №7 «Мейірбике ісі және туыстас пәндер» ЦӘК-і атанды. Оны Бабаханова Г.А. басқарды. Түркістан медицина колледжінде 2014-2015  жылдан бастап жеке «Балалар аурулары және туыстас пәндер» циклдік әдістемелік комиссиясы ұйымдастырылып, 2014 жылы кафедраны   Жолдыбаева Анар Мәлікқызы басқарған.

2015-2016 оқу жылынан бастап  ЦӘК төрайымы ретінде  Елеуова Рахила Рүстемқызы басқаруда. Барлық медицина мамандығы «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Лабораториялық диагностика» бойынша білім беретін оқу орындарында міндетті түрде балалар аурулары  пәні оқытылады.

2018 жылдан бастап Түркістан жоғары медицина колледжі атағы берілді.

    ЦӘК-те қазіргі таңда 10 оқытушы, 2 лаборант жұмыс жасайды. Оның ішінде 10 оқытушы жоғары  білімді.  Жоғары дәрежелі - 2, екінші дәрежелі - 5 және  жас оқытушылар саны -3. 


1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…