Бөлім меңгерушілері

Абитаева Сауле Нуридинқызы

           Абитаева Сауле Нуридинқызы 1983 жылы 30 мамыр күні Түркістан қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы осы аталған университетті бітірді.

           2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан медицина колледжі хирургия кафедрасында «Акушерлік таным» пәнінің оқытушысы.

 2012 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

          2011 жылы «Акушерия» пәнінен электронды оқулық, 2012 жылы «Акушерия» пәнінен оқулық жазып, баспадан шығарған. Акушерия және  гинекология пәндерінен оқу-әдістемелік кешенін толық құрастырған.

 

 

 

Аманбаева Гаухар Әбубәкірқызы

Түркістан жоғары медицина колледжінің «Емдеу ісі» бөлімі «Акушер» біліктілігі бойынша бөлімді жоғары дәрежелі педагог, Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Аманбаева Гауһар Әбубәкірқызы 2004 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылдан бастап Медбике ісі – 4 курс бөлімін де меңгеруші ретінде қадағалауда. Ол сонымен қатар №9 Хирургия және туыстас пәндер бойынша ЦӘК төрайымы ретінде де қызмет атқаруда.

Аманбаева Гауһар Әбубәкірқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина и

Еңбек жолын Кентау орталық қалалық клиникалық ауруханасында дәрігер-акушер-гинеколог болып бастап, 1996 жылы Түркістан орталық аудандық ауруханасында істеп, 1997 жылы Түркістан қалалық перзентханасында жалғастырған. 1997 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінде акушерия және гинекология пәнінен сабақ беріп келеді. 2004 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінің «Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.  2009 жылы – «Клиникалық акушерия және ұрықты антенаталды қорғау», 2010 жылы – «Ана болу қауіпсіздігі. Оқыту технологиялары», 2010 жылы – «Жүкті әйелдердегі экстрагениталды аурулар», 2012 жылы – «Жүкті әйелдерді антенаталды бақылау» бойынша білімін жетілдірген.нститутына түсіп, 1995 жылы осы аталған институтты тәмамдаған.

2011 жылы «Акушерия» пәнінен электронды оқулық, 2012 жылы «Акушерия» пәнінен студенттерге арналған оқулық жазып, баспадан шығарған. Акушерия және гинекология пәндерінен оқу-әдістемелік кешенін толық құрастырған.

 

 

Ержигитова Айгүл Сайлюбекқызы


Ержигитова Айгүл Сайлюбекқызы 1971 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. 2002 жылы ақпан айынан терапия кафедрасында ассистент, 2009 жылдың мамырынан «Медбикелік іс» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Айгүл Сайлюбекқызы 2002 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінде  дерматовенерология пәнінен сабақ беріп келеді. 2009 жылдан бастап Түркістан медицина колледжінің «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады, 2011-2012 оқу жылдарының облыс көлемінде өткен «Ең үздік маман-2012» сайысында «Медбикелік іс» бөлімінің бітіруші студенті Бейсенбек Айжан жүлделі орынға ие болып, республикалық сайысқа жолдама алды. 2014-2015 оқу жылында жылдарының облыс көлемінде өткен «Ең үздік маман-2015» сайысында «Медбикелік іс» бөлімінің бітіруші студенті Байсалбаев Олжас жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бірнеше рет білімін жетілдірген: 2011 жылы - «Актуальные проблемы дерматовенерологии»,  2014 жылы - «Основы педагогики с методикой преподавания сестринского дела» халықаралық сертификат, 2014 жылы – «Мейірбикелерді, акушерлерді, лаборанттарды даярлаудағы халықаралық мастер–класс» Литва Республикасында өтті.

          «Дерматовенерология» пәнінен «Емдеу ісі», «Медбикелік іс»  мамандықтарына арналған оқу-әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешенді дайындаған.

ОҚО Денсаулық сақтау Басқармасының Құрмет грамотасымен,  ОҚО Білім Басқармасы – Құрмет грамотасымен,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП Түркістан қалалық саяси бюросының  Алғыс хатымен марапатталған.  

 

Ерманкулова Мадина Мырзахметовна

  «Лабораториялық диагностика», «Фармация», «Стоматология» мамандықтарының бөлім меңгерушісі, жоғары дәрежелі оқытушы Ерманкулова Мадина Мырзахметовна еңбек жолын Түркістан медицина колледжінде оқытушы қызметінен бастаған. Ғылыми ізденуші, бірнеше жыл ЦӘК төрайымы, аға куратор, МБК, ОӘК хатшысы қызметін атқарған.

Оқу үрдісінің дамуына ерекше үлес қосып, орта буынды медицина қызметкерлерінің мамандарын дайындауда,  бірнеше жылдан бері қызмет атқаруда, Студенттерге арнайы пәндер бойынша “Оқу әдістемелік құрал” құрастырған. Әдістемелік, педагогикалық, ғылыми мақалалары Республикалық басылымдарда жарық көрген. “Жас оқытушылaр” мектебіне семинар сабақтар өтіп, “Oқытудың инновациялық технологиясы” бойынша, өз тәжірибесімен  жас оқытушыларға әдістемелік көмек беруде. Қала көлемінде, колледжде арнайы пәндер бойынша ‘‘Мастер класс’’ беріп, тәжірибесін таратқан. “Жас лаборант” үйірмесіне жетекшілік етіп, зерттеу қорытындысы мен  “Модульдік оқыту технологиясы” бойынша өз тәжірибесін Республика денгейіндегі басылымдарға мақала беріп таратуда. Лабораториялық диагностика мамандығының медициналық колледждер студенттері арасында өткен Республикалық сырттай ғылыми-практикалық конференциасындаІІ дәрежелідипломмен марапатталған.

«Зертханалық диагностика»  мамандығы бойынша  арнайы пән оқытушысы ретінде дайындаған ЛД-401 лд топ студенті Ф.Бөрібай  «Қазақстан Республикасы медицина колледжінің 2015 жылғы үздік түлегі»  Республикалық байқауында  ІІ орынды  иеленді.

«Стоматология» мамандығы бойынша «Ең үздік тіс технигі - 2015 жылдың түлегі» атты медициналық колледж түлектерінің арасындағы ХVІІ Республикалық байқауына қатысқан СД- 402 тобының студенті С.Сейілхан жүлделі ІІІ орынғаиеленді.

«Ең үздік фармацевт-2013» Республикалық байқауын ұйымдастыруға атсалысқан. 2013 жылы Ф-301 тобының студенті М.Исматуллаева республикалық  «Үздік фармацевт- 2013» сайысындаІ орыналды.

Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттері арасында өткен 2015 жылғы облыстық пәндік олимпиадада математика пәні бойынша Ф-101 тобының студенті А.Бекмағанбет ІІІ дәрежелі дипломменмарапатталды.    

М.Ерманкулова колледж, қала, облыс көлемінде мақтау қағаздарымен мадақталған және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің   Құрмет грамотасымен,  қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ол ізденімпаз маман ретінде денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыруға өз үлесін қосуда және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс жүзінде орындалуына  еңбек сіңіруде.

        

         

        

 

 

 

 

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…