«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ»

1998 жылы Түркістан жоғары медицина колледжінде «Дантист» біліктілігі бойынша «Стоматология» мамандығы студенттерін дайындауға лицензия алынды. Бұл мемлекеттік оқу мекемесі замануи материалдық-техникалық базасымен, көпжылдық дәстүрімен ерекшеленеді. Колледжде өзінің стоматологиялық оқу-өндірістік базасы, жоғары мамандырылған оқытушылар құрамы бар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз етіп келеді. Стоматология мамандығының бөлім меңгерушісі М.М.Ерманкулова 0304000 «Стоматология» мамандығы, 0304023 «Дантист» біліктілігінің оқу білім беру бағдарламасы Түркістан жоғары медицина колледжінің миссиясы мен мақсатына сай келеді. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда медициналық білім беру саласында және дуальді оқыту принциптеріне негізделген. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда колледжде білім алушылар контингентіне сай келетін заманауи материалдық-техникалық база, жүйелік, акпараттық дамыған компьютерлік инфрақұрылым, жоғары білікті оқытушылар құрамы, оқу процесіндегі халықаралық әдістер, бай оқу материалдық база, студенттердің сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалынған.

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкестендіріп «Тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды емдеу» пәнінен электронды оқу құралын, «Тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды емдеу», «Тіс хирургиясы және бет жақ жарақаттары» оқу- әдістемелік құралын дайындап, «Қазақстан медицина колледждерінің үздік оқу-әдістемелік әдебиеті» Республикалық байқауында құрастырылған оқу құралдары мен электронды оқулықтардың барлық түрінен жүлделі ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар тәжірибелі оқытушы, ЦӘК төрайымы Д.О.Мирзаева Республика көлемінде онлайн сабақ өткізді.

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…