Акушер ісі

«АКУШЕР» БІЛІКТІЛІГІ

            Түркістан жоғары медицина колледжінің «Акушер ісі» бөлімі 1998 жылы ашылған. Бітірушілерге «Жалпы тәжірибелі акушер» біліктілігі беріледі.

Бөлімді 1998-2003 жылдар аралығында жоғары дәрежелі акушер-гинеколог Р.Қ.Құрбанбаева басқарған болатын.

2003 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Акушер» біліктілігі меңгерушісі қызметін Г.Ә.Аманбаева өз деңгейінде атқарып келеді.

            «Акушер» біліктілігінде 103 штатты оқытушылар сабақ береді, оның ішінде 70%-ы дәрігерлер, 30-ы педагогтар. 40%-ы жоғары және І-ші категориялы оқытушы-дәрігерлер, 30%-ы ІІ-ші категориялы оқытушы-дәрігерлер.

            «Акушер» біліктілігі бойынша мамандарды даярлауда А.А. Махатова., С.Н. Абитаева., Шаяханова А.М., Жұманхожаева Н.М, және №3 Облыстық Перинаталды Орталықтың білікті мамандары өз үлесін қосуда. Атап айтсақ: ОПО бас дәрігері А.Я.Ильясова., қазіргі врач ОПЦ Н.Т.Махмудов, жоғары дәрежелі акушер-гинекологтар Р.Қ.Құрбанбаева., З.С.Азизова., К.М.Ерназарова., Досжанова, А.К.Аязбеков, Г.Молдагулова., Г.А.Курманбекова., Г.Т.Ахметова. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессорлары Р.Г.Нуркасымова мен Ш.М.Сейдинов, м.ғ.к. А.Б.Муратбаева., аға оқытушы А.Ж.Зулпухаровтарды айрықша атап өтуге болады.

            «Акушер» біліктілігінде мемлекеттік стандартқа сай 24 кабинет яғни, 13 оқу бөлмесі, 5 симуляциялық орталық, 5 клиника алды бөлмелер, 1 мониторинг кабинеті жабдықталған.

Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыру мақсатында жыл сайын бөлімде «Ең үздік акушер» атты білім сайысы мен әртүрлі байқаулар өткізіледі. Атап айтқанда жыл сайын студенттер конференциясы мен бітіруші курс студенттері арасындағы кәсіби байқаулар ұйымдастырылады. Бұл байқауларға студенттер ерекше атсалысады.

            «Акушер» біліктілігінің талантты жастары республикалық, облыстық байқауларға да белсенді қатысып келеді.

2015 жылы Жетісай қаласында өткен «Жас маман» облыстық байқауында А-403 студенті Божбанбай Алтынай жүлделі ІІ орынды иеленді.

Сарыағаш қаласында өткен студенттердің ғылыми конференциясында 2 курс студенті Г.Көсембекова «Түркістан аумағындағы ұрықтың даму ақаулары жиілігі» тақырыбында ғылыми баяндамасы ІІ орынды иеленді. Алматы қаласында өткен Халықаралық ғылыми конференцияда бөлімнің 4 курс студенті В.Сыздықова ғылыми жұмыс нәтижесімен ІІ орынды иеленді.

2015 жылы «Ана қуанышы» үйірмесі жетекшісі Махатова А.А. бір жыл көлемінде үйірме мүшелерімен «Артериалық гипертензия және жүктілік» тақырыбында студенттердің ғылыми конференциясында А-301 топ студенті Мамедалева М жүлделі І-ші орынды иеленді.

2017 жылы «Босанғаннан кейінгі психоз» тақырыбында үйірме мүшесі Әшім Күнсұлу жүлделі І орынды иеленді.

2015 жылы «Жас шипагер» үйірмесінің жетекшісі Юсупов А.А. және Султанов Д хирургия саласы бойынша «Қант диабетінің хирургиялық асқынулары» тақырыбында студенттердің ғылыми-конференциясында А-409 топ студенті П.Ақбердиева жүлдері ІІ-ші орынды иеленді.

2017 жылы «Күзелістен кейінгі асқазан жарасы» тақырыбында А-302 топ студенті А.Садықова жүлделі ІІ орынды иеленді.

Колледжде соңғы жылдары 49 үйірме жетекшілері студенттермен ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында жұмыс жасайды. «Акушер» біліктілігі бойынша үйірмеге қатысушы студенттердің қызығушылығы артып, 63 % - дан 72%-ға өсті.

«Акушер» біліктілігі бойынша бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы соңғы жылдары 86%-дан 93%-ға артты.

Жалпы бөлім студенттері колледждегі пән үйірмелеріне, дебат, клубтарына, Студенттік үкіметке, ән-күй және жас ақындар үйірмесіне қатысып, колледждің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Әсіресе болашақ орта буынды медицина маманы болып шығуды армандайтын жастардың «Анатомия» мұражайына медицина тақырыптарында ізденіс жұмыстарын жасауға құлшыныстары жоғары.

           Бүгінгі таңда «Акушер» біліктілігі түлектері білімдерін жалғастырып, жоғары оқу орындарында білім алып, ақ халатты абзал жандар қатарын толықтыруда. Атап айтқанда:

            Э. Утелова – Алматы қаласы-Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының            

                               бас эпидемиологы;

            С.Искакова – Түркістан медицина колледжінде анатомия пән оқытушысы;

            П.Артықбаева – дәрігер-неонатолог №3 ОПЦ

            Э.Сарсенова – Түркістан қалалық «Әйелдер кеңес алу үйінің» акушер-гинекологы;

            Қ.Сейталиева – Қызылорда облысында акушер-гинеколог;

            Ж.Файзиева – Кентау қаласында акушер-гинеколог;

            С.Ешмағанбетова – Орталық қалалық ауруханасы врач-ординатор;

            В.Атаханова – ХҚТУ-нің паталогоанатомы;

            Ш.Есенбаева – дәрігер акушер-гинеколог №3 ОПЦ.

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…