«ЕМДЕУ ІСІ» БӨЛІМІНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

         Қасиетті Түркістан шаһарының төрінде орналасқан Түркістан жоғары медицина колледжі Республикамыздағы тарихы бай, қызметі бойынша алдыңғы қатарлы орта кәсіптік оқу орындарының қатарынан саналады.

1965-1966 оқу жылы аралығында «Емдеу ісі» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша қабылдау комиссиясы 210 талапкерді қабылдады. 1971-1981 жылдар аралығында Емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі болып Абдураимов Қаһар Жансейтұлы, 1982-1994 жж. Таджиметова Барно Хусанқызы, 2000-2002 жж. Құланәлі Дарбозұлы Мухамбетов, 2002-2015 жылдары Жолдыбаева Анар Мәлікқызы басқарған болатын.

2011-2012 оқу жылынан бастап «Емдеу ісі» бөлімінде оқитын студенттердің санының көбеюіне байланысты Емдеу ісі бөлімі 2-курспен жоғарғы курс болып екіге бөлініп, ІІ курс бөлімін Ахметова Гүлнар Төлегенқызы басқарды. 2012 жылы Ахметова Гүлнар Төлегенқызы «Талғат» клиникасының «Жүкті әйелдер патологиясы» бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысуына байланысты, 2012-2013 оқу жылынан бастап «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі қызметін Абитаева Сауле Нуридинқызы басқарып келеді.

Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

Оқыту мерзімі аяқталғаннан кейін түлекке «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігімен орта буын маманының дипломы беріледі.

Білім беру үрдісіне белсенді түрде оқытудың жаңа тәсілдері мен ақпараттық  әдістер енгізілген.

Бөлім студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып отырады. Колледжде 2017-2018 оқу жылында 39 пән үйірмелері мен 8 спорт секцияларының жұмысы ұйымдастырылған. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары айтарлықтай өзекті, кәсіби қызметтің элементтері бар, денсаулық сақтау саласының тәжірибесі үшін маңызды болып табылады.

         «Фельдшер» біліктілігі бойынша мамандарды даярлауда Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Түркістан қалалық жедел жәрдем беру стансасы, «Талғат» клиникасы, №3 Облыстық перинаталдық орталық, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң клиникасы, Түркістан қалалық балалар ауруханасы, «Ақмарал» ауруханасы дәрігерлері өз үлесін қосуда. Атап айтсақ: ОҚА терапия бөлімшесінің меңгерушісі Мұсахожаева К. М., неврология бөлімінің меңгерушісі Қосмұратова Х. Т, хирургия бөлімінің меңгерушісі Аманбаев М. А, Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Ахметова Д. С.

         «Фельдшер» біліктілігінде мемлекеттік стандартқа сай 24 кабинет яғни, 13 оқу бөлмесі, 5 симуляциялық орталық, 10 клиника алды бөлмелер, 1 мониторинг кабинеті жабдықталған.

Бөлім студенттері тек колледж деңгейінде ғана емес, сонымен қатар қалалық мәдени іс-шараларға және республикалық, облыстық байқауларға да белсенді қатысып келеді.

Бөлім студенттері колледждегі пән үйірмелеріне, дебат клубтарына, Студенттік үкіметке, ән-күй және жас ақындар үйірмесіне қатысып, колледждің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, бос уақыттарын тиімді өткізеді.

         «Емдеу ісі» бөлімінде үздік студенттер мен талабы таудай жастар өте көп. Колледж тарапынан болашақ орта буынды маман ретінде қалыптасуларына барынша жағдай жасалынып келеді.

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…