ФАРМАЦИЯ

«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ

«ФАРМАЦЕВТ» БІЛІКТІЛІГІ

Түркістан медицина колледжінде «Фармацевт» біліктілігі бойынша мамандар даярлауды колледж  1998 жылдан бастап жүргізіп келеді. Фармацевт мамандығына қабылданатын студенттер негізінен математикалық дарынды, есте сақтау қабілеті жоғары, білімі жақсы болуы керек.

0306000 - «Фармация» білім беру бағдарламасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Білім туралы» заңына, «2011 - 2020 жылдарына арналған ҚР білім саласының дамуының Мемлекеттік бағдарламасы», МЖМБС сәйкес білім деңгейлері, мекеменің техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі оқыту қызметінің типтік ережелеріне, 2011 - 2015 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау жүйесінің дамуының «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР үкіметінің құжаттары мен қаулыларына, БҒМ бұйрықтарына сәйкес жүргізеді.

    Колледжде  заманауи ғылыми-техникалық фармацевтикалық дағдылар орталығы колледж – студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған құрылымдық бөлім болып табылады.Фармацевтикалық дағдылар орталығы «Оқу дәріханасы», «Фитобар»,  «Дәрілік нысандар технологиясы», «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы», «Химия» бөлімелерінен  тұрады.

 Әр бөлімде көрнекі және техникалық оқу құралдарының көмегімен студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бағаланады, дәрілік өсімдік шикізаттарынан әртүрлі жинақтар дайындалып, тұндырма, қайнатпа түріндегі фитошайлар дайындау арқылы студенттердің өзіндік жұмысы ұйымдастырылады.

Орталықтың мақсаты студенттерге фармакология, дәрілік нысандар технологиясы фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, фармакогнозия және химия пәндері бойынша тәжірибелік дағдыларды жан-жақты жетілдіру және біліп-үйренуге жағдай жасау болып табылады.

Осындай заманауи ғылыми-техникалық база, өзінің жеке аптекалық оқу базасы, шаруашылық лабораториясы, жоғары дәрежедегі педагогикалық құрамның болуының арқасында колледж жыл сайын еңбек нарығын мамандандырылған «Фармацевт» мамандармен қамтамасыз етуде.

Фармация мамандығының студенттері облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Республикалық  “Ең үздік фармацевт-2013” байқауында І орын иегері Исматуллаева М.  Облыстық  «Ең үздік фармацевт-2015»     байқауында ІІ орын иегері Вахапова Э. 2013 ж.студенттерінің ХІ ғылыми-зерттеу конференцияда І орын иегері Рахматуллаева Т.     

2014 жылы облыстық колледждер арасында өткен пәндік олимпиададан, маматематика пәнінен жүлделі ІІІ орын иегері    А.Бекмағанбетова.

 «Фармация және туыстас пәндер бойынша» ЦӘК оқытушыларының да жетістіктері жоғары.  Республикалық «Ең үздік оқу-әдістемелік құрал мен  ең үздік оқулықтар сайысының І орын жүлдегерлері, «Дәрілік нысандар технологиясы» оқулығының авторы: Абдраманова Н.С.

 Республикалық «Ең үздік оқу-әдістемелік құрал мен ең үздік оқулықтар» сайысының  ІІІ орын жүлдегері, «Фармакология» оқулығының авторы: Юсупов А.Х

Республикалық «Ең үздік оқу-әдістемелік құрал мен ең үздік оқулықтар сайысының  ІІІ орын жүлдегерлері, «Латын тілі» оқулығының авторлары: Қозыбаева А., Худиарова. А.Б.

                                                                                                        

                                                                       

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…