ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

«ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» МАМАНДЫҒЫ

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ЛАБОРАНТ» БІЛІКТІЛІГІ

            Түркістан медициналық колледжі 1998 жылдан бері «Лабораториялық диагностика» мамандығы  бойынша мамандар даярлап келеді. 0305000 «Лабораториялық диагностика» мамандығы 030501 3 «Медициналық  лаборант» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламасы  ҚР 4.05. 149-2010 ж. МЖМБС негізінде жүзеге асырылады.

Берілген білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді,  білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық сабақтары оқу аудиторияларында орындалса, тәжірибе сабақтары арнайы жабдықталған зертханаларда және Түркістан қалалық ОҚО РМҚК “ОҚО СЭСО” филиалының сан-гигиеналық лабораториялық базасы мен Түркістан ОҚА және МҚКК «№3 Облыстық перинаталды орталықтың» микробиологиялық, клиникалық, гематологиялық және биохимиялық бөлімдерінде жүргізіледі.

         Тәжірибелік сабақтар өткізілетін медициналық ұйымдар керекті құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктермен толық жабдықталған. Лабораторияларда орнатылған құрылғылар барлық лабораториялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Бөлім студенттері «Денсаулық», «Жас лаборант» атты пән үйірмелеріне қатысады. Бұл үйірмелерде  «Лабораториялық диагностика» мамандығының студенттері жыл бойы оқу зерттеу жұмыстарымен айналысады. Теориямен практика интеграциясында үйірме мүшелерінде кәсіптік дағдылар, өз ісіне деген жауапкершілік, ғылыми ойлау қалыптасады. Студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын, кәсіби дайындық деңгейін, болашақ мамандыққа қызығушылығын, логикалық ойлауын, алған білімді нақты іс-әрекетте қолдану деңгейін тексеру мақсатында жыл сайын «Үздік  лаборант» сайысы өткізіледі.

2014-2015 оқу жылында  медицина колледждерінің Лабораториялық диагностика мамандығы студенттерінің  арасында екінші рет ұйымдастырылған «Медицина колледжінің 2015 жылғы үздік түлегі» республикалық байқауы Қызылжар өңірінде өтті. Таңдаған мамандықтары бойынша білім алып, қыр-сырын жетік меңгерген болашақ лаборанттар өз білімдері мен біліктерін сарапқа салған байқау барысында қатысу­шылардың теориялық, практикалық дайын­дықтары, білім деңгейі, кәсі­би машығы сынға түсті. Студенттердің қай-қайсысы болсын зертха­налық диагностиканың заманауи мүмкіндіктері, талдау-зерт­теу үдерістері жайлы те­рең білетіндіктерін танытты.  Түркістан медицина колледжінің «Лабораториялық диагностика» мамандығының студенті  Ф.Бөрібай жүлделі ІІ орынға ие болды.

 2015 жылы желтоқсан айында МКҚК Қостанай медициналық колледжінде «Лабораториялық диагностика мамандығы студенттерінің ғылыми- зерттеу қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған  Республикалық сырттай ғылыми-практикалық конференцияға Түркістан медицина колледжінен «Темір жетіспеушілік анемиясы кезіндегі қан талдауының көрсеткіштері» тақырыбында «ЛФС ісі»  бөлім меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы М.Ерманкулованың жетекшілігімен ІІІ курс студенті А.Ташен ғылыми-ізденіс жұмысы бойынша баяндама жасап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

              

            

     

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…