МЕДБИКЕЛІК ІС

«МЕДБИКЕЛІК ІС» МАМАНДЫҒЫ

«ЖАЛПЫ ПРАКТИКАДАҒЫ МЕДБИКЕ» БІЛІКТІЛІГІ

Түркістан медицина колледжінің «Медбикелік іс» бөлімі 1965 жылы ашылған. Бітірушілерге «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі беріледі.  Бөлімді  1965-2009 оқу жылдары аралығында А.Б.Аманбаев, А.Е.Мамутова, С.У.Жабагиева, А.К.Абдиханова басқарған болатын.

2009 жылдан бері аталмыш бөлімді  І санатты дәрігер –оқытушы Ержигитова Айгүл Сайлаубекқызы басқарып келеді .

Бөлімде арнайы пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылардың басым көпшілігі емдеу-сауықтыру мекемелерінде жұмыс істейтін, тәжірибесі мол, кәсіби деңгейі жоғары дәрігер-оқытушылар.

Бөлім студенттері колледждегі пән үйірмелеріне, «Ақиқат пен аңыз» дебат клубына және ән-күй үйірмелеріне, Студенттік үкіметке, жас ақындар үйірмесіне қатысып, колледждің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Әсіресе болашақ орта буынды медицина маманы болып шығуды армандайтын жастардың «Мейірімді мейірбике», «Аялы алақан»,  «Найтингейл ұрпақтары» үйірмесіне қатысып, ғылыми-ізденіс жұмыстарын жасауға құлшыныстары жоғары.

Оқу орнында үш жыл ішінде алған білім және тәжірибелік дағдыларын сарапқа салу, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын бөлімнің бітіруші топтары арасында «Ең үздік медбике» байқауы өткізіліп отырады.

Бүгінгі таңда «Медбикелік іс» бөлімінің түлектері білімдерін жалғастырып, жоғары оқу орындарында білім алып, ақ халатты абзал жандар қатарын толықтыруда.

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…