«Қолданбалы бакалавр» – бұл «бакалавриат» деңгейіндегі негізгі білім беру бағдарламасын аяқтаған, әлеуметтік-экономикалық қызметтің әртүрлі салаларындағы технологиялық міндеттерді шешу бойынша құзыреттіліктерге ие, білім беру мекемесін аяқтағаннан кейін дереу кәсіптік қызметке кірісуге дайын түлекке берілетін біліктілік.Қолданбалы бакалавриаттың мәні – инновациялық талаптарға сәйкес колледждердің кейбір мамандықтарын жоғары білімге теңестіре отырып, кәсіптік-техникалық білім беру мәртебесін көтеру.Осыған орай Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртановтың, JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеті басқармасы басшыларының, Қазақстанның медициналық ЖОО мен колледждері жетекшілерінің және т.б. қатысуымен «Медициналық қызметтер мен медициналық білім беруді жетілдіру бойынша Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы» атты дөңгелек стол өтті. Шарада қатысушылар Қазақстан мен Финляндияның жоғарғы білікті медициналық кадрларды дайындаудағы, олардың денсаулық сақтау саласындағы рөлі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін тиімді үйымдастыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Елжан Біртанов халықаралық стандарттар негізінде медициналық кадрларды оның ішінде мейіргерлік іс мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру - Қазақстан халқына көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап айтып, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы  Аила Палониеми мен Lahti қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Кари Салми денсаулық сақтау саласы мен мейіргерлік істі дамыту бойынша өзара түсіністік пен стратегиялық ынтымақтастық туралы  Меморандумға қол қойды. Аталған құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын қарастырады: медициналық білім беру ұйымдарындағы менеджментті жетілдіру; білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен педагог кадрлардың әлеуетін арттыру және ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстарды жетілдіру.  ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат Түркістан жоғарғы медициналық колледжінде де 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап іске қосылды. Колледжде 175 студент қабылданып, оның ішінде 32 студент мектептен кейінгі (3,5 жылдық), ал 143 студент (1,5 жылдық) жеделдетілген топқа қабылданды. Колледж  түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды  мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады. Қолданбалы бакалавр бөлімінің меңгерушісі: Бабаханова Гузаль Абдураимқызы.

 

 

 

Қолданбалы бакалавр бөлімінің студенттеріне білім беретін оқытушылар тізімі:

1.«Фармакология, фармакотерапия және медициналық калькуляция» пәнінің оқытушысы Нағима Сейіткәрімқызы

2.«Денсаулықты нығайту» пәнінің оқытушысы Джумадуллаева Махира Джумадуллақызы

3.«Жедел аурулардағы мейіргерлік күтім (хирургиялық және отадан кейінгі мейіргерлік күтім)» пән оқытушысы Султанов Давран Рустемович

4.«Мейіргерлік күтім және пациенттің қауіпсіздігі» пән оқытушысы Ходжаева Насиба Ташбулатовна

5.«Мейіргер ісіндегі ментальдық денсаулық» пән оқытушысы Орынбасар  Ғайни Рысбекқызы

6.«Пациент күйінің клиникалық бағасы» пәнінің оқытушысы Сенбекқызы Ғалия

7.«Мейіргерлік күтім және пациенттің қауіпсіздігі» пәнінің оқытушысы Амирханова Гулнара Арынбекқызы

8.«Созылмалы аурулар мен қарттарға мейіргерлік күтім» пән оқытушысы Валибаева Феруза Махмудқызы

9.«Шұғыл мейіргерлік күтім»  пән оқытушысы Нуртаев Ғалымжан Абдиганиевич

10.«Мейіргер ісіндегі ментальдық денсаулық» пән оқытушысы Шойбекова Роза Қалиқызы

11.«Созылмалы аурулар мен қарттарға мейіргерлік күтім» пәнінің оқытушысы Бименова Лаззат Тулепбергенқызы

12.«Отбасылық күтім» пәнінің оқытушысы Нұржігітова Замира Мынжанқызы

13.«Кәсіби шет тілі (ағылшын тілі)» пәнінің оқытушысы Қалдыбекова Айжан Бабановна

14.«Кәсіби шет тілі (ағылшын тілі)» пәнінің оқытушысы Нұрсеитова Ақбота Сайлаубекқызы

15.«Биостатистика және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін әзірлеу»пәнінің оқытушысы Булатқызы Аймира

16.«Денсаулықты сақтаудың электронды жүйесі» пәнінің оқытушысы Абдираманова Альбина Бақбергенқызы

17.«Қазақстан тарихы» пән оқытушысы Накипов Нұрғали Шеріпбекұлы

18.«Анатомия, физиология және патология» пән оқытушысы Юсупова Гульмира  Шинтемировна

 

МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВР ДӘРЕЖЕСІНЕ ДЕЙІН ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР БАКАЛАВРЛАРЫН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС

2018 жылдың  12 мен 16 ақпан күндер аралығында Астана қаласы Денсаулық Сақтауды Дамыту Республикалық «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне дейін  қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты мастер - класс жүргізілді. Семинарға «Терапия және туыстас пәндер» кафедрасының оқытушысы Ходжаева Н.Т қатысты. Семинарды мейіргерлерді дайындау жүйесін жаңғырту саласындағы маман, LicNSc,  медицина ғылымдарының магистрі, мейіргер, LAHTI Қолданбалы ғылымдар университетінің  аға ғылыми жетекшісі Ханнеле Тииттанен  және мейіргерлерге арналған академиялық бағдарламаларды  жаңғырту саласының маманы, медицина ғылымдарының магистрі, аспирант, JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия)  аға оқытушысы Марджо Паловаара жүргізді. Бұл семинардың негізгі мақсаты - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын Болон үдерісі және кәсіби біліктілігін танылу үшін Еуропалық Одақ талаптарына сай әзірлеу.

Бұл семинар келесі бөлімдерден тұрды: 

• Білім беру стандарттарын салыстыру

• Мейіргер ісі білім беру жүйесінде ұзақ мерзімді оқыту 

• Оқыту нәтижелері мен жеделдетілген оқыту бағдарламасын жүзеге асыру

• Білім беру стандарттарында дипломдық жұмысты енгізу және жасап шығару.

• Қайта оқыту мен жеке оқу жоспарын құру үшін ережелер

• Жеделдетілген оқытудың білім беру стандарттарын аяқтау және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын академиялық бакалавр дәрежесіне біліктілігін арттыру

Мейіргерлік қызметті дайындау жүйесі(ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ)

 Мейіргерлік ісі мамандарын дайындау жүйесін дамыту бойынша 2018 жылдың қыркүйектің 1-ші жұлдызынан бастап колледжімізде «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавриат» бөліміне студенттер қабылданды.Мейіргерлік қызметті дайындау жүйесіне Финляндия университетінің колданбалы ғылым үлгісі негізінде тәлімгерлік (наставник) бағдарламасын енгізу жұмыстары қолға алынды. Түркістан қаласының медицина мекемелерінің басшыларымен келісе отырып менторлар тізімі анықталып, бірлесе жұмыс жасау үшін келісім шарт түзілді. (Түркістан қаласындағы 6 медицина мекемесімен). 2018. ж. қыркүйек айынан бастап «Қолданбалы бакалавриат» мамандығына - 32 білім алушы (оқу мерзімі 3 жыл 6 ай), 150 білім алушы жеделдетілген топтарға  қабылданды.

2018 ж. емдеу мекемелерінен 26 аға және бас медбике тәлімгерлікке оқытылды:

- Қалалық орталық ауруханадан – 5,

- Қалалық орталық емханадан – 6,

- Қалалық орталық балалар ауруханасынан – 4, 

- Жұқпалы ауруханадан – 3, 

- Талғат клиникасы, неврология, терапия, хирургия бөлімшесінен -5. 

- Яссауи атындағы ХҚТУ клинико-диагностикалық орталықтан- 3

Медициналық білім беру жүйесіне дуалды оқытудың элементтерін енгізу мақсатында, колледж аралық, медицина мекемесімен және қолданбалы бакалавриат мамандығының студенттерімен үш жақты келісім шарт жасалып, клиникалық және дипломалды практикадан өтіп, осы орында әрі қарай жұмысқа орналасу үшін дуалды оқытудың негізгі принциптері туралы ережесімен танысу жұмыстары жүргізілуде.Колледждің мейіргерлік іс мамандығында білім алушыларға менторлық (тәлімгерлік) енгізіліп, клиникалық базалардың мейіргер ісі мамандарымен – маман - тәлімгер қарым-қатынасы -1:5 құрайды.   Қолданбалы бакалаврдың жеделдетілген топ студенттері эргономика әдістерін үйренудеСтуденттердің науқастармен және медицина қызметкерлерімен еркін қарым - қатынаста  болып, практикалық дағдыларды бағдарламаға сай жақсы меңгергендігі бірінші оқу жылының нәтижесінен байқалды.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының кардиология бөлімшесінің бас мейіргері Шахманова Хадиша стандарт бойынша дағдыларды меңгеруде

           Клиникалық тәжірибеде мейіргер ісі бакалавры команда құрамында жұмыс жасауға ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар белгілі бір емдеу мекемесі аумағында команданы басқаруға, мейіргерлік күтімді ұйымдастыруға (жеке адамдарға және шағын топтарға арналған санитарлық - ағарту жұмыстарын қоса алғанда) жүргізеді.

 

 

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…