Аккредитация         

           

               Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттіггің аккредитациялау кеңесінің 2015 жылдың 25 сәуірдегі шешімі негізінде, Түркістан медицина колледжі институционалдық аккредитация туралы ІА №012, мамандандырылған аккредитация туралы SА №0004 куәлік берілді.

 

makala_akkredit_image001.jpgmakala_akkredit_image003.jpg

      

      Мамандандырылған аккредитация барысында сарапшылар 5 білім бағдарламасы бойынша (мамандығы: 0301000 - «Емдеу ісі», біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер», 0301023 - «Акушер(ка)», мамандығы: 0302000 - «Мейіргер ісі», біліктілігі: 0301033 - «Жалпы практика мейіргері», мамандығы: 0306000 - «Фармация», біліктілігі: 0306013 - «Фармацевт», мамандағы: 0304000 - «Стоматология», біліктілігі: 0304013 - «Дантист», мамандығы: 0305000 - «Лабораториялық диагностика», біліктілігі: 0305013 - «Медициналық лаборант») нормативтік және ұйымдастырушы-әдістемелік құжаттарды, соның ішінде оқу жоспарларын, пәндердің жұмыс бағдарламаларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін  зерделеді. Студенттермен, оқытушылармен, бітірушілермен және жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды. Сараптама комиссиясы аккредитация стандарттарының талаптарына осы білім беру бағарламаларының сәйкестігі туралы қорытынды шығарды.

         Аккредитация қорытындылары бойынша Түркістан медицина колледжі аккредитацияланған оқу орындарының ұлттық тізіміне енгізілді. Бүкіл әлемде осы сияқты тізімдер жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуде  дұрыс бағыт беруші нысан болып табылады.

We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…