«Поэзия жастары» клубы

Мақсаты: Колледждегі қолына қалам алып жүрген, ақындыққа жаны жақын,  өлең шығаратын талантты жастардың шығармашылығын шыңдау болып табылады. Кітаптарымыз сөреде шаң басып жатқанда, замандастарымызды рухани білімге шақырып, рухани құндылықтарымызды дәріптеу. Ақын- жазушыларымыздың шығармашылығымен, Алаш қайраткерлері мен жалпы ұлт үшін аянбай еңбек еткен Ұлы тұлғалардың арасын бүгінгі заман адамдарын жақындастыру. Барлық жастарымыз ұлттық мүддемен күреспесе де  қазақ халқы үшін қанын төгіп, жанын құрбан еткен бабаларымыздың алдындағы борышымызды, осы күнге қалай жетіп, қалай ел болғанымызды біліп жүрсе дейміз. Клуб мүшелері қазақ әдебиетін зерттеп, кешегі мен бүгінгі жәй-күйін сараптап, қазақ әдебиетіне өз жаңалығымен, өзіндік ерекшелігімен жаңа бағыттар алып барса дейміз.

Алдағы атқарылатын істер:
1) Клуб мүшелері бір тұлғаның өмірін, шығармашылығын түбегейлі зерттеп, еске алу кештерін өткізіп, халыққа тереңірек насихаттау.
2) Қаламыздағы ақын-жазушылармен кездесу кештерін ұйымдастыру.
3) Клуб мүшелерінің шығармаларын ортаға салып талқылау, шыңдау.

«Поэзия жастары» 2015 жылы қазан айында құрылып тұрақты жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда клуб мүшелерінің саны - 13. 

Клубтың төрағасы – Стоматология мамандығының 4 курс студенті Сәкен Базарбек.

Клуб хатшысы - Темірбекова Қалзия.

 

                                          «Аңыз бен ақиқат» дебат клубы

Мақсаты: Колледждегі студенттер арасында ораторлық іс- әрекет нышанын қалыптастырып, өзіндік сана мен тұжырымы бар студенттерді қоғамдағы қарама-қайшылықтарды танып білуге білімділігін арттыру, студенттер белсенділігін дамыту, қоғам арасында біздің колледж студенттерін интеллектуалдық тұрғыдан биік болуға баулу. Білімділік пен парасаттылыққа, ақыл-ой тұжырымын, өз пікірін дәлелдей білуге үйрету. Жалпы клубта 7 студент бар. Әрқайсысының өзіндік тұжырымдары мен ой ұшқырлықтары қалыптасқан. Топ мүшелері соңғы ақпараттан хабардар, жаңалықтармен таныс және ең бастысы қоғам өмірінде болып жатқан қарама-қайшылықтарға бей-жай қарамайды.

Алдағы атқарылатын істер:

  1. Клуб мүшелерімен бірге қоғам өміріне қатысты түрлі тақырыптарда дебат, ток-шоу ұйымдастыру.
  2. Алғыр да білімді студенттердің ораторлық қабілеттерін арттыру.

Қазіргі таңда клуб мүшелерінің саны - 8. 

Клубтың төрайымы – Мейірбике ісі мамандығының 2 курс студенті Әбсаттар Жайна.

                                        «Азамат» - ер жігіттер клубы

Мақсаты: Колледж қабырғасында оқып жүрген ер балдардың басын қосып, бірлікке шақыру, қоғамдық жұмыстар мен спортты ұштастыра отырып жастардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс шаралар ұйымдастыру.

2015 жылдан бастап құрылған клубтың басты мақсаты жастардың, соның ішінде ер азамттардың бойына нағыз ер жігітке тән мінез қалыптастыру. Клуб құрылғалы бері біршама жұмыстар атқарды «Азамат» клубының ұйымдастыруымен колледж студенттері Түркістан қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсетті. Түрлі тазалық сақтау кезекшіліктерін атқарды. Сондай-ақ ер жігіттер тарапынан болатын бұзақылықтар мен теріс әрекеттерге тыйым салу мақсатында арнайы жиналыстар өткізеді. Колледж қабырғасында оқитын студенттер арасында ай сайын футболдан түрлі жарыстар өткізіп тұрады.

Бүгінгі таңда «Азамат» клубының мүшелері белсенділік танытып, колледж студенттерінің спортқа, қоғамдық жұмыстарға деген қызығушылығын оятуда.

 

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…