ЖАСТАР ҰЙЫМЫ

Түркістан жоғары медицина колледжінде «Жастар ұйымы» 2002-2003 оқу жылында құрылған болатын. Қазіргі таңда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен белсенді жастарға ерекше назар аударылуда. Олардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып келеді. Президентіміздің жастар саясатын жүзеге асыру үшін қабылдаған бағдарламасына сәйкес Түркістан медицина колледжінің «Жастар ұйымында» студенттердің өзін-өзі басқаруы үшін «Студенттік үкімет» ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Одан бөлек 3 клуб дербес жұмыс атқарады. Олар: шығармашыл жастардың шабытын шыңдауға арналған «Поэзия жастары» клубы, «Аңыз бен Ақиқат»  дебат клубы, колледж қабырғасындағы студент жігіттердің бірлігін паш ететін «Азамат» жігіттер клубы.

«Жастар ұйымында» қызмет атқарған төрағалар мен мамандар:

2002 - 2005 оқу жылында Жастар ұйымының төрайымы - Дина Сүлейменова.

2005-ші жылдан бері Жастар ұйымының төрайымы - Гульмира Алдабергенова.

2011-2012 оқу жылында Жастар ісі маманы – Сейілхан Оспанов;

2013-2015 оқу жылында Жастар ісі маманы – Роллан Мейірбеков;

 2015 – 2016 оқу жылынан бастап  Жастар ісі маманы қызметін Бақытжан Дүкенбай атқарып келеді.  

1/18
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…