Қашықтықтан оқыту технологиясы


 

      Түркістан жоғары медицина колледжі коронавирустық пандемияға байланысты қашықтықтан оқытуды ұйымдастырып,сабақ барысын Moodle бағдарламасымен жүргізуде. Оқу жоспарына сәйкес тиісті пәндердің барлығы қамтылған.

      Қашықтықтан оқыту кесте бойынша студенттерге ыңғайлы уақытқа ұйымдастырылған, кері байланыс орнатылған. Білімгерлерлің ата-аналар да түсністікпен қарап, қолдау білдіруде.
Moodle- онлайн курс құруға мүмкіндік беретін бағдарлама. Moodle көмегімен оқытушы студенттермен хабарламалар алмасып, тапсырма құрастырып, тест жасай алады, мәтіндік материалдар жібереді. Жалпы айтқанда дәрістер, нұсқаулықтар, емтихан сұрақтары, ситуациялық тапсырмалар, форумдар, презентациялар т. б тақырыпқа сай енгізіліп отырады. Болашақ орта буынды медицина мамандары да тапсырманы уақытылы орындап, өз кәсіптерін меңгеруге атсалысуда.

1/18