СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТ ҰЙЫМЫ

Студенттік үкімет ұйымы – Түркістан жоғары медицина колледжіндегі белсенді студенттердің басын қосатын, бірден бір жетекші ұйым. Студенттік үкімет ұйымы 2007-2008 оқу жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирзахмедова Айгүл Досанқызының бастамасымен құрылған. Өте күрделі қиындықтарға қарамастан табанды түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бүгінгі таңда Студенттік үкімет ұйымы аяғынан нық тұрды.

2007-2008 оқу жылында Анарбаева Айсұлу алғаш тізгінді қолына алып, студенттік үкіметтің іргетасын қалады. Айсұлу акушер ісі бөлімінің студенті болатын. Ал 2008-2009 оқу жылында Студенттік үкіметті Емдеу ісі бөлімінің студенті Айсекенов Нұрсұлтан басқарды. 2009-2010 жылдары Студенттік үкіметке президент болып Қыдыров Жандос сайланды. Мәртебелі міндетті атқару барысында студенттерді қоғамдық жұмыстарға тартумен көзге түкен Жандос белсенді жұмыс жасай білді. 2010-2011 оқу жылында Мақсұтханова Жұлдыз Студенттік үкіметке президент болып сайланып өте нәтижелі жұмыс жасады,  соның арқасында 2011-2012 оқу жылында ол қайтадан президент болып сайланып, үкімет жұмысын жандандырды. 2012-2013 оқу жылында Емдеу ісі бөлімінің студенті Тұрман Бекжан үкімет тізгінін қолына алды. Тиянақты жұмыс жасаған Бекжан білімге кеңінен ден қойды.  Жастарды білімге шақырып, зеректігімен Студенттік үкімет тарихында қалды. 2013 оқу жылынан бастап  2015 жылға дейін Студенттік үкіметті қатарынан екі оқу жылында Дүкенбай Бақытжан басқарды. Емдеу ісі бөлімінің белсенді студенті  Бақытжан  - Студенттік үкіметте  екі жыл қатарынан президенттік міндетті атқарған бірден бір студент. 2015 – 2016 оқу жылында Студенттік үкіметті Емдеу ісі бөлімінің студенті Жүнісбек Мақсат басқарды. Құрамында 25 мүшесі бар Студенттік үкімет, 5 министрліктен, 6 бөлімнен тұрады. 2016 оқу жылынан бастап 2017 жылға дейін ЛФС бөлімінің студенті Әбдівали Сағи басқарған. Өзінің төрағалық қабілетімен, жан – жақтылығымен ерекшеленетін Сағи, Студенттік үкіметті жоғары деңгейге жетуіне зор үлес қосты. 2017 – 2018 оқу жылында Студенттік үкіметті ЛФС бөлімінің студенті Бахтияр Арман басқарды. Арманның басқаруында белсенділер жиналған Студенттік үкімет ұйымы жоғары деңгейге жетті. Себебі студенттердің ауысымына байланысты 2–ауысымдық Студенттік үкімет ұйымы құрылды. Екі ауысымдық Студенттік үкімет ұйымының құрамында 2 вице-президент, 2 хатшы,  12 министрліктен, 14 бөлім басшыларынан құралған. 2018 – 2019 оқу жылында Стоматология бөлімінің үздік студенті Алтай Рамазан басқарды.  Осы жылы Студенттік үкімет ұйымы Түркістан облысы бойынша «Ең үздік өзін – өзі басқару» ұйымы номинациясының жеңімпазы атанды.

Қазіргі таңда Емдеу ісі бөлімінің белсенді студенті Сейтжанов Бақдаулет жүйелі түрде басқаруда. Дәл осы оқу жылында "Қазақстан студенттерінің Альянсына" 15 жыл толуына байланысты өткізілген республикалық "Қазақстанның Алтын Жастары" сыйлығының лауреаты бойынша "КОЛЛЕДЖДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ" номинациясының жеңімпазы атанды.Жан-жақты жұмыстарымен көзге түсіп жүрген Студенттік үкімет бүгінгі таңда Түркістан жоғары медицина колледжінің үлкен мақтанышына айналған.

СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТТІ БАСҚАРҒАН ПРЕЗИДЕНТТЕР ХРОНОЛОГИЯСЫ:

1)      2007-2008 ж. Анарбаева Айсұлу  - Акушер ісі бөлімі;

2)      2008-2009 ж. Айсекенов Нұрсұлтан - Емдеу ісі бөлімі;

3)      2009-2010 ж. Қыдыров Жандос - Емдеу ісі бөлімі;

4)      2010-2011 / 2011-2012 ж.  Мақсұтханова Жұлдыз - Емдеу ісі бөлімі;

5)      2012-2013 ж. Тұрман Бекжан - Емдеу ісі бөлімі;

6)      2013-2014 / 2014-2015 ж. Дүкенбай Бақытжан - Емдеу ісі бөлімі;

7)      2015-2016 ж. Жүнісбек Мақсат - Емдеу ісі бөлімі;

8)      2016-2017 ж. Әбдівали Сағи ЛФС бөлімі;

9)      2017-2018 ж. Бахтияр Арман ЛФС бөлімі

10) 2018-2019 ж. Алтай Рамазан ЛФС бөлімі

11) 2019-2020 ж. Талғатов Олжас Емдеу ісі бөлімі

12) 2020-2021 ж. Сейтжанов Бақдаулет Емдеу ісі бөлім

 

1/20