4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай жалпы білім беру бөлімінің студенттері арасында “Ел рәміздері - елдігіміздің басты нышаны” тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.

Аталмыш байқауға қатысқан жастар Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым, Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын елдің нышандары екендігін ерекше жеткізе білді.

Байқау қорытындысы:

1. Баймағанбетова Ақбаян
2. Өмірзақ Бұлбұлназ
3. Нышанбекова Дариға

Эссе байқауына қатысқан барша студенттерге алғысымызды білдіреміз!

Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!

1/20